Мұғалімдер күні 5 қазанда атап өтіледі
Елімізде педагогтардың кәсіби мерекесі – Мұғалімдер күні енді 5 қазанда атап өтіледі.
ҚР Үкіметі тиісті қаулы қабылдады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Негізінен республикада Мұғалімдер күні осы уақытқа дейін қазан айының бірінші жексенбісінде тойланатын. Үкіметтің ресми сайтында жарияланған мәліметтерге сүйенсек, енді аталмыш мереке 5 қазанда әлемнің 100-ден астам елі атап өтетін Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілген.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 556 мың педагог еңбек етеді.