KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
487.24 529.34 5.02

ШҚО-да прокурорлар балалар мекемелерінде қайырымдылық акцияларын өткізді

30.04.2023, 14:20 352

Шығыс Қазақстан облысының прокуратура органдарының қызметкерлері жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған қайырымдылық акцияларын ұйымдастырды. Акция Наурыз мерекесі мен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналды.

Облыс аумағында 8 мамандандырылған балалар мекемесі бар, онда 526 тәрбиеленуші тұрады.  Балалар үшін спорттық жарыстар, түрлі конкурстар мен ойындар ұйымдастырылды, онда балалар спорттық және шығармашылық таланттарын, тапқырлығын, ептілігін көрсетті, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты. 

Сонымен қатар балалар шығармашылығының галерея-көрмесі, қолданбалы өнерлерінің үздік жұмыстары, суреттер конкурсы ұйымдастырылды. Балаларға әндерді бірлесіп шырқау ерекше ұнады.

Байқауға қатысушылар грамоталармен, жүлделермен марапатталды, жеңімпаздар жарыс кубогына ие болды. Барлығы керемет сергектік пен жағымды эмоциялар алды.

Сәбилер үшін аниматорлар шақырылды, олар өздерінің билерімен және ойындармен қуантты. Әр бала сыйлықтар мен тәттілер алды. Балалар қарым-қатынастың қуанышын, жүрек жылуы мен қамқорлықты сезінді. 

Мекемелердің басшылығы мен педагогтары прокуратураларға балаларға үнемі келіп, осындай іс-шаралары мен көрсеткен көмегі үшін үлкен алғыстарын білдірді.

Прокурорлар өз кезегінде мекемелердің ұжымдарына қажырлы еңбектері үшін алғыс айтып, қамқорлыққа мұқтаж балаларға көмек көрсету әрқайсымыздың парызымыз екенін атап өтті.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив