KZ
Өскемен
-2°
туман Штиль
494.87 520.65 4.91

Әскери тәрбиешілер Шығыста бас қосты

Фото: ҚР Ұлттық ұланы баспасөз қызметі

24.08.2023, 17:41 289

 Ұлттық ұланның  "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты 3477 әскери бөлімінің Дағдарысқа қарсы оқу-жаттығу орталығы базасында ҚР Ұлттық ұланының тәрбие құрылымдары офицерлерін практикалық даярлаудың  үш күндік жиыны басталды.
Жиынға еліміздің түпкір-түпкірінен өңірлік қолбасшылықтар қолбасшыларының, Академия бастығы мен әскери бөлімдер мен «Б» арнайы жасақ командирлерінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары қатысуда, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жиынды бастап келген Ұлттық ұлан бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары, Халық қаһарманы, генерал-майор Қайрат Үмбетов әскердегі жеке құрамның тәрбие жұмысын жаңа деңгейге көтеру үшін бірқатар маңызды мәселелерге баса мән беруге шақырды.

Осынау жұмысты бір ізге салу үшін ҚР Ішкі істер министрінің «Ұлттық ұлан әскерилері бойында жаңа заман талабына сай моральдық, әскери, жауынгерлік қасиеттерді қалыптастыру бойынша тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстарын ұйымдастыру» атты 2023 жылдың 15 мамырындағы №396 бұйрығы аясында  алғашқы сабақ нұсқаулық-әдістемелік бағытта өтті.

Іс-шараның басты мақсаты әскерлерде тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселелерін жетілдіру, жеке құрам арасында әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті, сондай-ақ әскери-патриоттық жұмысты нығайту болып табылады. Бұл ретте әскери қызметшілер арасында моральдық-психологиялық дайындық пен суицидтің алдын алуға, жарғылық емес қарым-қатынастарды жоюға ерекше назар аударамыз. Сонымен қатар әскери тәрбиешілер осы үш күнде жаңа білім алып, жинақталған тәжірибелерімен бөліседі. ҚР ішкі істер министрі мен Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының талаптары аясында әскердегі жаңартылған басшылық тәрбие жұмысы мен басшылық құжаттар талқыланады. Олардың мәні мен мақсаты жеткізілді.
Сондай-ақ әскери қызметшілермен қажетті тренингтер мен сабақтар өткізіледі, жеке құрамды тәрбиелеу бойынша озық модельдер қаралады. Ерекше көзге түскен офицерлерге марапаттар мен естелік сыйлықтар беріледі. Жиынға қатысушылармен барлық іс-шараларды өткізу нәтижесінде құқықтық тәртіп әскерлеріндегі тәрбие жұмысын жақсартуға оң әсер ететін нақты нәтижелер алынады деп күтілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу