KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 3 м/с, В
471.46 504.79 5.53

Шығыста сирена іске қосылады: Қашан және не істеу керек?

22.11.2023, 09:27 149 Оразай Жеңісұлы

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 23 қарашада облыс орталығында «Қыс-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтеді.

Іс-шара аясында Шығыс Қазақстан облысында сағат 12.55-те электр сиреналары және сөйлеу құрылғылары іске қосылады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

«Электр сиреналарының іске қосылуы «Баршаның назарына!» дегенді білдіреді. Егер сіз жұмыста, қоғамдық жерде, көшеде жүріп сиренаның дыбысын естіген болсаңыз, радионы дереу қосу керек (ұялы телефон арқылы). Үйде отырып сигналды естігенде, теледидарды дереу қосып, ақпаратты мұқият тыңдау керек» - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ ақпарат «Дәрмен» мобильді қосымшасында және ТЖД-ның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланады. Сирена дыбысы естілгенде дүрбелең туғызбай, көрші-қолаңға да хабар берген жөн. Мұны балаларға да түсіндіріп айту керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив