Қазақстандық ғалым жер сілкінісінің орны мен уақытын қалай дәл болжауға болатынын айтты
Фото: bigox.kz
Ғалым күні кеше ғана Қытай мен Қырғызстан шекарасында тіркелген жерасты дүмпулері жайлы алдын ала білген. Бұл туралы ғылыми зерттеу жүргізіп, жариялап үлгерген, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Informburo.kz порталына сілтеме жасап.
Ғалым бұл бастамасын әрі қарай жалғастыруды жоспарлап отыр. Оның айтуынша, жер сілкінісін болжауға мүмкіндік беретін жасанды интеллектті мейлінше дамытуға күш салады. Мәселен, математик бұл жолы зерттеудің дәстүрлі әдісіне шолу жасаған. Артықшылығы мен кемшілігін нақтылаған. Сөйтіп, өздерінің ғылыми зерттеуі үшін белгілі бір аймақты таңдап алыпты. Сосын кейінгі 100 жыл ішіндегі мыңдаған деректі жинақтап, қайта өңдеген.
Талдау барысында бірнеше алгоритмді қолдануды жөн көрген. Сондай-ақ, қолда бар ақпарды толық зерделеу үшін оларды 20 жылдық интервалмен бөліп қарастырып, арасында белгілі бір маусымдық заңдылықтар бар екенін анықтаған.