Кардиологиялық оңалту бағдарламасына қандай процедуралар кіреді?
Адамдар арасындағы мүгедектікті төмендетуге мүмкіндік беретін негізгі процесс - оңалту. Оңалту шаралары уақытылы жасалса, адам да соған қарай жылдам сауығатыны белгілі. Сондай-ақ оңалту процесі үздіксіз болу керек. Миокард инфаргі, инсульт, кардиохирургиялық операциядан кейін пациент оңалту көмегін алуға тиіс.
Шығыс Қазақстан облыстық Оңалту орталығы өңір тұрғындарына мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. Бұл сауықтырып емдеу, медициналық оңалту, физиотерапевтік процедуралар. Орталықтың кардиолог-дәрігері Ақмарал Әшірбаеваның айтуынша, мұнда жүргізіліп жатқан кардиооңалту бағдарламасы науқастың физикалық және психологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған.
Кардиологиялық оңалту - бұл жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастардың денсаулығын, психологиялық мәртебесін және еңбекке қабілеттілігін барынша толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық, физикалық, психологиялық және әлеуметтік сипаттағы үйлестірілген іс-шаралар кешені. Кардио-оңалтудың негізгі міндеті – пациенттің өмір сүру сапасын жақсарту.
Оңалту екі кезеңмен жүргізіледі екен.
Естеріңізге сала кетейік, облыстық әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалы 2024 жылға МӘМС шеңберінде халыққа оңалту көмегі желісі бойынша қызмет көрсету үшін 3,3 млрд теңге жоспарлаған болатын.