«Қазтест» сертификаты бар үміткерлер ҰБТ-да «Қазақ тілінен» тест тапсырудан босатылады
Фото: tilalemi.kz
Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақ тілін В1 (орта) деңгейден төмен емес меңгергенін растайтын ҚАЗТЕСТ сертификаты бар тұлғаларды ҰБТ-да «Қазақ тілі» бейіндік пәнінен немесе арнайы пәнінен тест тапсырудан босатуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Altainews.kz Informburo.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған құжат жобасынан белгілі болды.
Дегенмен, мұндай тұлғаларға ерік беріледі. Үміткер қалаған жағдайда ол ұлттық бірыңғай тестілеуде «Қазақ тілінен» тест тапсыра алады.
Ал қаламаған жағдайда ҚАЗТЕСТ сертификатының нәтижесі оның білім беру грантын иеленуіне және сол арқылы жоғары оқу орнына қабылдануына мүмкіндік береді.