KZ
Өскемен
-2°
снег жел 7 м/с, Ю
521.81 543.67 5.05

Мемлекеттік қызметке орналасу үшін қазақ тілін білу міндеттеледі

Фото: Шартты сурет

14.04.2023, 18:16 389

Енді мемлекеттік қызметке орналасу үшін қазақ тілі бойынша тест тапсыру қажет. Бұл туралы Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында жазылған. 
Қызметке орналасқысы келгендер «ҚАЗТЕСТ» жүйесінде тест тапсыру арқылы тілді меңгеру деңгейін дәлелдейді, деп хабарлайды Altaynews baq.kz сайтына сілтеме жасап. 
Құжатта Қытай, АҚШ, Грузия, Оңтүстік Корея сынды елдерде мектеп түлектері жоғары оқу орнына түсер кезде өз ана тілі мен әдебиетінен сынақ тапсыратыны жазылған. Бұл тілдік ортаға кедергісіз араласып, ұлттық құндылықтарды бағалауға, елдің тілі мен мәдениетін түсінуге мүмкіндік береді екен. 
Тұжырымдамада сынақтың қашан заңды түрде талап етіле бастайтыны көрсетілмеген. 

   "Мемлекеттік қызметшілер мен қызмет көрсету органдарына, т.б. қызметкерлерге қызметке орналасу барысында «ҚАЗТЕСТ» жүйесі арқылы тест тапсыру заңнамалық тұрғыда міндеттелмеген. Аталған мәселені қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу арқылы шешу қажет етіледі", деп жазылған тұжырымдамада.

Осылайша, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда жұмыс істейтін қызметкерлердің қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін «ҚАЗТЕСТ» сертификатын талап ететін нормаларды енгізу пысықталмақ.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу