KZ
Өскемен
-13°
плотный туман жел 1 м/с, З
498.55 524.28 4.75

Ермек Көшербаев: Тұрмыстық қалдықтармен қоғам болып күресу керек

10.04.2024, 13:47 107

Облыста қатты тұрмыстық қалдықтарды реттеу ісі ілгерілемей тұр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өңір бойынша былтыр 146,5 мың тонна қатты тұрмыстық қалдық жиналған болса, соның 22 пайызы ғана сұрыпталған. Бұл жөнінде облыс әкімдігінің мәжілісінде табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Есентаев айтты.

Өңірде қалдықтарды сұрыптайтын үш ірі желі бар. Олар: Өскемен, Риддер және Шемонаихада. Осыны ескерген облыс әкімі Ермек Көшербаев бейінді басқарманың жұмысын сынға алды.

– Мамандар саладағы мәселені жіпке тізе бергенше, іс-әрекетті жүйелеуге тиіс. Ол үшін осы бағытта бір емес, бірнеше арнайы бағдарлама әзірлеу қажет. Сонда ғана жұмыс ретке келтіріледі, – деген өңір басшысы жауапты мамандарға қоғам белсенділерімен бірлесіп жеке талқылау өткізуді тапсырды. Содан кейін ғана бұл мәселе облыс әкімдігінің мәжілісінде қайта қаралады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу