KZ
Өскемен
+8°
туман жел 2 м/с, СШ
485.11 523.82 5.02

Өскеменнің жас ғалымдары «Астрономиялық музей» жобасын жасады

12.04.2024, 16:04 276 Қызырбек Дүргінбайұлы

Ғылым күні қарсаңында А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада жас ғалымдар жобасының таныстырылымы өтті.

«Геология майталманы» атты іс-шара көрнекті геолог-ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына да орайластырлыған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Тағылымды шара көрнекті ғалымның жарқын жетістіктері мен ел дамуына қосқан елеулі үлесі туралы баяндалатын «Геология майталманы» атты ақпараттық бейнероликпен басталды. Содан кейін жас ғалымдар жобаларын таныстырды.

– Біздің ғылыми жобамыз – заманауи «Астрономиялық музей» деп аталады. Бұл жобаны жасауға бір айдан астам уақыт кетті. Басты мақсатымыз – өскелең ұрпақтың астрономия ғылымына деген қызығушылығын арттыру, оларды заманауи стильдегі ғимараттармен таныстыру. Жобаның артықшылығы елімізде ең ірі астрономиялық музей орнату және жоба арқылы туризмді дамытуға үлес қосу болмақ. Музей арқылы ғаламшарға саяхат жасауға болады. Өзге де өзіндік артықшылықтары мен ерекшеліктері бар, – дейді С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың жас ғалымдары Жеңісов Мадияр мен Нұртілек Мұратұлы.

Сондай-ақ, ең жас зерттеушілер де өз ғылыми жобалары мен шығармашылық жұмыстарын ұсынды.  Олар –  Күршім ауданы, Күршім ауылының № 3 мектеп-гимназиясы оқушылары көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған ультрадыбыстық білезік ұсынса, "Ахмер орта мектебі" оқушылары өсімдіктерді өсірудің тиімді әдісі – гидропоника туралы таныстырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив