KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Қаныш Сәтпаевтың Кенді Алтайға сапарынан сыр шертеді (видео)

9.04.2024, 13:00 150 Қызырбек Дүргінбайұлы

Қазақ даласының әр түкпірін түйір тасына дейін танып білген геолог-ғалым, қоғам қайраткері, геология-минералогия ғылымдарының докторы Қаныш Сәтпаевтың туғанына биыл 125 жыл болады.

Ғалымның мерейтойына орай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Дала академигі» атты көрме ашылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Көрме төрінен орын алған фотосуреттер мен құжаттар көрнекті ғалымның көп қырлы ғылыми және әлеуметтік қызметінен сыр шертеді. Сондай-ақ қазақ даласынан табылған жер қойнауы байлықтары да көрме арқылы көпшіліктің назарына ұсынылған.

– Бұл көрме көрнекті ғалым Қаныш Сәтпаевтың өмір жолынан және кенді Алтайға сапарынан сыр шертеді. Көрме арқылы ғалымның өмір жолын жас ұрпаққа үлгі етуді мақсат еттік. Көрмеге ғалымның 1963 жылы Бұқтырма су электр станциясының салыну барысында келген және кенді Алтайды аралаған сапарынан сыр шертетін суреттер қойылды, – дейді музей қызметкері Бақыт Сабырбаева.

Қаныш Сәтбаев геологиялық теорияның дамуына зор үлес қосты. Ғалымның зерттеулері Қазақстанның бай табиғи ресурстарының ашылуына ықпал етті. «Дала академигі» Жезқазғанның жер қойнауында сансыз байлық бар екенін дәлелдеп, ерекше атаққа ие болды.

– Өз басым осыған дейін Қаныш Сәтпаевты геолог ғалым ретінде ғана білетін едім. Бүгінгі көрме арқылы ғалымның өмір жолын, соғыс жылдарындағы қиын тағдырын, ғылымдағы жетістіктерін біліп, көп мағлұмат алып қайттым, – дейді С. Аманжолов атындағы ШҚУ студенті Ұлту Ұнатбекқызы.

Музейдегі көрмені көпшілік қауым кез келген уақытта барып тамашалай алады.

Фото: Валерий Шведов

Видео: Жәнібек Серік

 

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу