KZ
Өскемен
+30°
переменная облачность жел 3 м/с, В
474.83 515.38 5.5

12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күні

12.04.2024, 11:10 98 Айжанат Бақытқызы

Бүгін – Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің күні, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Кәсіби мереке ҚР Президентінің Жарлығымен 2011 жылғы 20 қазанда белгіленді.

Бұл дата кездейсоқ таңдалмағаны белгілі. 12 сәуір – Ғылым академиясының тұңғыш Президенті, мемлекет және қоғам қайраткері, биыл 125 жылдығы атап өтілетін көрнекті ғалым-геолог Қаныш Сәтбаевтың дүниеге келген күні.

Қазақтан шыққан тұңғыш академиктің ғылым саласында жолын қуған ізбасарлары аз емес. Біз ғылымның дамуына зор үлес қосып келе жатқан барша ғалымдарымызды мақтан тұтамыз.

Атаулы күнге орай, Шығыс Қазақстан облыстық А.Пушкин атындағы кітапханада ғалым Қаныш Сәтбаев пен ғылым қызметкерлері күніне арналған кітап көрмелері ашылды.

Сонымен қатар, кітапханада «Тәжірибе - білім көзі» деген тақырыпта болашақ ғалымдар - аймақтың дарынды студенттері мен оқушылары әзірлеген жобаларының тұсаукесері өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив