«Отбасының цифрлық картасы» жобасы халықаралық сыйлыққа ие болды
Қазақстандық «Отбасының цифрлық картасы» жобасы GovTech Prize-2024 сыйлығының жеңімпазы атанды. Бұл туралы Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Informburo.kz порталына сілтеме жасап.
Бағдат Мусиннің түсіндіруінше, Отбасының цифрлық картасы – бұл 40-тан астам мемлекеттік дерекқордан азаматтар туралы ақпаратты ескеретін бірегей скорингтік модель. Ол 100-ден астам критерийлерге сүйене отырып, отбасылардың әл-ауқатының санатын анықтауға көмектеседі, сол арқылы мұқтаж адамдарға көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Ал GovTech Prize – 2014 жылы бекітілген БАӘ мемлекеттік қызметті жетілдіру бағдарламасының бастамасы. Бұл бастама өзекті мәселелерді шешетін және халықтың өмір сүру сапасын арттыруда үкіметтік тәжірибені кеңейтетін әлем елдерінің мемлекеттік мекемелерінің инновациялық және шығармашылық шешімдері мен жетістіктерін тануға және мойындауға бағытталған.
Айжанат Бақытқызы