KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 1 м/с, С
485.11 523.82 5.02

Медициналық ұйымдарға алдын ала төлем жасау мөлшері 70%-ға артты

Фото: DC Studio / Freepik

26.04.2024, 09:00 112 Айна Ескенқызы

Халыққа медициналық көмек көрсету үшін медициналық ұйымдарға берілетін алдын ала төлем (аванс) көлемі алғаш рет 70%-ға дейін өсті.

Мұндай шара медициналық ақпараттық жүйелерді жаңарту кезінде емханалардың қаржылық тұрақтылығын қолдау үшін қабылданды. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қазір ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызметтер мониторингі мен сараптамасы үшін ақпараттық жүйелері пысықталып, Қордың «SAQTANDYRY» ақпараттық жүйесінің төлем бөлігі әзірленіп жатыр. Осыған байланысты нақты көрсетілген медициналық қызметтер жұмыстардың аяқталу қорытындысы бойынша қаржыландырылатын болады. Жағдайды ескере отырып, алдын ала төлем көлемін стандартты 30%-дан 70%-ға дейін, ал медициналық қызметтерді жаңа жеткізушілер үшін 30%-ға дейін (оларға бұрын аванс берілмейтін, төлем жасау үшін заңнамаға тиісті өзгертулер енгізілді) арттыру жөнінде шаралар қабылданды.

- 22 сәуірдегі көрсеткіш бойынша 191 медициналық қызметті жеткізуші алдын ала төлем ретінде 1,6 млрд теңгеден астам қаражат алды, – деп хабарлады Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасының орынбасары Индира Саркенова.

Сонымен қатар 16 сәуірден 22 сәуірге дейінгі аралықта АСМК, әлеуметтік маңызы бар аурулар, паллиативтік көмек, гемодиализ, жедел медициналық көмек сияқты басым бағыттарға  40%-ға дейін қосымша алдын ала төлем берілді. Барлығы 765 медициналық ұйым шамамен 159,5 млрд теңге алды.

Жалпы алғанда, 956 медициналық ұйымға 161,1 млрд теңге қосымша алдын ала төлем төленді.

Осылайша, Қордың 1960 жеткізушісінің 1859-ы немесе 95%-ы алдын ала төлем алып отыр. Қалған 101 медициналық ұйым  - жаңа жеткізушілер. Олар әзірге медициналық қызмет көрсетпеулеріне байланысты алдын ала төлем алудан жазбаша бас тартты. Ал төрт жеткізушімен келісімшарт бұзылады.

Медициналық ұйымдарға алдын ала төлемдерді төлеу жұмыстары жалғасады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив