KZ
Өскемен
-17°
ясно жел 2 м/с, С
530.24 543.97 5.16

Қазақстандықтар жеке медициналық кітапшаны онлайн форматта ала алады

Фото: medicinadeti.ru

13.03.2024, 17:05 147 Ләззат Қанатқызы

2025 жылы 1 қаңтардан бастап қазақстандықтар жеке медициналық кітапшаны онлайн форматта ала алады.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша келесі жылдың басынан бастап азаматтардың жеке медициналық кітапшалары (ЖМК) толығымен онлайн-форматқа көшеді, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Бұл азаматтарға медициналық тексеруден өту уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Яғни, жұмысқа жіберу туралы рұқсат алу үшін терапевтке қайта бару қажеттілігін болмайды.

ЖМК электрондық форматқа ауысқаннан кейін нәтижелерді жеке кабинеттен алуға болады.

Жеке медициналық кітапшаны (ЖМК) беруді автоматтандыру процесі аяқталуға жақын. Қазір медициналық ақпараттық жүйелерді интеграциялау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінде «Е-Денсаулық» сервисі «Жеке медициналық кітапша» модулінің деректерін қабылдауды бастайды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу