KZ
Өскемен
-12°
небольшая облачность жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Тұқым сұрыптаудың түрлі әдісін қолданады – ШҚО

27.05.2024, 16:11 196 Айжанат Бақытқызы

«Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС соңғы бес жылда ауыл шаруашылығы дақылдарының 50-ден астам сорты мен будандарын мемлекеттік сынауға тапсырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Олардың арасында бидай, қара бидай, күнбағыс, соя сияқты дақылдар бар»,- дейді «ШҚ ауылшаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС директоры Кенжеғазы Тоқтасынов.

Өнімді сорттар мен будандар, жоғары сапалы тұқымдар дақылдарды өсірудің озық технологияларын дамытуда маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.

– Соңғы бес жылда  «ШҚ ауылшаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС алған, жаңа аудандастырылған сорттардың ішінен «Алтай-1» күздік бидай сорты ең жоғары өнімділікті көрсетті. Оның жоғары агрофондағы әлеуетті өнімділігі гектарына 70 центнерге дейін жетеді, ұнтақты көгеру мен шірікке төзімді. Бұл қарқынды түрдегі сұрып және орташа немесе жеткілікті ылғалдылық жағдайында өсіруге арналған. Олардың қатарында Шығыс Қазақстан, сондай-ақ Батыс Қазақстан облыстарының дала, тау етегі-дала, таулы-шалғынды аймақтары бар, – дейді Кенжеғазы Тоқтасынов. 

Директордың айтуынша, «Нұр-38» күздік бидайдың жаңа сортын, «Өскемен» күздік қара бидайының жаңа сортын, сондай-ақ басқа да өнімді сорттар мен будандарды көрсетеді.

Айта кетсек, «ШҚ ауылшаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС элиталық тұқым шаруашылығы мәртебесіне ие, күнбағыс, соя, бидай және жемшөп дақылдарының көптеген сорттары мен будандарының бастаушысы болып саналады.

Оның құрылымына майлы және дәнді дақылдар, жем-шөп, картоп, жеміс-жидек, мал шаруашылығы бөлімдері, сондай-ақ жаңа технологиялар зертханасы кіреді.

Зерттеулер алты ғылыми бөлімде жүргізіледі, онда ғалымдар ауылшаруашылық дақылдарын өсіру және тұқым өсіру, марал және ара шаруашылығы салаларында технологияларды дамыту және ғылыми жұмыстармен айналысады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу