KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
485.11 523.82 5.02

Жұмыс барысында қаза болғандар көбейіп барады

Фото: diariomedico.pe

28.05.2024, 22:12 81 Айжанат Бақытқызы

2023 жылы қызметтік міндетін атқару кезінде 246 адам қайтыс болған. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 20%-ға көп, бұл соңғы 9 жылдағы ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Naryk.kz сайтына сілтеме жасап.

Жалпы динамикада негізгі үлес тау-кен өнеркәсібі саласында. Бір жыл ішінде бұл салада қаза болғандар саны үш есе – 27-ден 76-ға дейін өсіп, 2008 жылдан бергі ең жоғары көрсеткішке жетті. Мұндай күрт өсім Қарағандының көмір шахталарында болған өрт және жарылыспен байланысты екені анық. Екі апатты да кездейсоқ деп айту қиын. Ресми статистика бойынша тау-кен өндірісіндегі негізгі қорлардың үштен екісі тозған. 

Тау-кен өнеркәсібімен қатар мемлекеттік басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету салаларында 4-тен 19 адамға дейін өлім санының өсуі байқалады. Бұл ішінара жұмыс орнындағы жазатайым оқиға, қызметтік көлікпен жұмысқа бара жатқанда немесе одан қайтып келе жатқанда болған жазатайым оқиғаларға байланысты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив