KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 2 м/с, В
485.11 523.82 5.02

ШҚО-да туризм мәселелеріне арналған алқалы жиын өтті

31.05.2024, 17:17 189

Шығыс Қазақстанда Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің көшпелі отырысы өтті.

«Елдің туристік саласын дамыту» тақырыбындағы отырысқа жергілікті және республикалық мемлекеттік органдардың мамандары, туристік компаниялар өкілдері мен сарапшылар қатысып, салаға қатысты бірқатар өзекті мәселені ортаға салды. Әсіресе, өңірлердегі туризмді дамытудың мәселелері қозғалды. Сонымен қатар, халықты жұмыспен қамту, туристік маршруттар санын арттыру мен инвестиция тарту жайттары сөз болды.

Комитет төрағасы Нұртөре Жүсіп өңірлердегі туристік ұйымдар мен инвесторлардың алдында тұрған проблемалар мұқият зерделенетінін атап өтті.

– Біз Шығыс Қазақстанда қолайлы инвестициялық орта қалыптастыру және туризм мүмкіндіктерін кеңейту үшін өңір басшылығымен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз. Қажет болса, елімізде туризмді дамыту мақсатында заңнамалық өзгерістер енгізуге әзірміз, – дейді Нұртөре Жүсіп.

Отырысқа қатысушылар ішкі және сыртқы туризмді дамыту саласында қабылданып жатқан жоспарлар мен бағдарламаларды талқылады. Сонымен қатар, еліміздің шығысында туризмнің әлеуеті зор екенін, сондықтан оның өрісін әлі де кеңейуге болатынын айтты. Жиында стратегиялық мақсаттар мен міндеттер талқыланып, оларды іске асыру жолдары қаралды.

Шығыс Қазақстанға ат басын тіреген Сенаторлар көшпелі отырыс барысында талқыланған мәселелермен және сала инфрақұрылымның ағымдағы жай-күйімен жақынырақ танысу үшін облыстағы бірқатар туристік аймаққа барып қайтпақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив