Жарты жылда интернетте 36 қаржы пирамидасы анықталды
Фото: depositphotos.com
Қаржы пирамидаларымен күресу үшін ҚР Қаржы мониторингі агенттігі «Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл» арнайы жобасын бастады. Осыған орай IT-құралдарды пайдалана отырып, әлеуметтік желілерде талдау жасалады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ағымдағы жылы 600 мың адамнан тұратын аудиторияны қамтитын, қаржы пирамидаларының белгілері бар мыңға жуық сайттар мен аккаунттарға сілтеме бұғаттауға жіберілген.
Бүгінде 182 чат бұғатталып, нәтижесінде 126 мың азаматтың қаржылық шығындарының алдын алды.
73 мың аудиториясы бар 7 ірі шетелдік жоба бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (Eolus, Ниса, GPIBS, Дари получай, Чароит, Carhomi, Beefre).
Бір пирамида бойынша сот үкімі шықты (Eolus).
Оларды толығымен жою үшін қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар орналасқан ТМД бойынша серіктестер хабардар етілген.
Айта кетсек, қаржы пирамидасын құрғаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік пен жаза қарастырылған.