KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 1 м/с, С
474.57 513.63 5.53

Қазақстандықтар 1 сыныпқа қабылдауға 240 мыңнан астам өтінім берді

Сурет ашық дереккөздерден

10.06.2024, 13:15 88 Айжанат Бақытқызы

Биылғы 1 сәуірде басталған бірінші сыныпқа өтінімдер мен құжаттар қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ата-аналар баласының құжаттарын еgov.kz  электронды веб-порталы арқылы бере алады. Жалпы жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 370 мыңнан астам қазақстандық бала барады.

«Бүгінде 242 мыңнан астам өтінім келіп түсті. Бірінші сыныпқа қабылдау бойынша ең көп өтінім Түркістан, Алматы, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Алматы, Астана қалаларында тіркеліп отыр», - деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті.

Азаматтарға қолайлы болу үшін, бұл қызмет түрі автоматтандырылып, құжаттарды қабылдау egov.kz веб-порталы арқылы жүргізілуде. Бірінші сыныпқа балалар алты жастан бастап, ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады.

Портал арқылы ұсынылатын құжаттар:

  • Ата-анасының немесе заңды өкілдің өтініші;
  • 065/е нысанындағы «Профилактикалық екпелер картасы» және №052-2/е нысанындағы «Бала денсаулығы картасы» медициналық құжаттары;
  • Баланың 3х4 см көлеміндегі цифрлық фотосуреті.

Өтініштер демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив