Бірінші сыныпқа құжат 1 сәуірден бастап қабылданады
![](/kz/uploads/posts/2024-03/0360a592772512805143e9a6165b9171.webp)
сурет: pinterest.com
Биыл бірінші класқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ата-аналар баланың құжаттарын электрондық үкіметтің еgov.kz. веб-порталы арқылы тапсыра алады. Жаңа оқу жылында бірінші класқа 370 мыңнан астам бала барады деп жоспарланған.
Балалар бірінші класқа алты жастан бастап ата-анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Өтінішпен бірге №065у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама, 026/у-3 баланың денсаулық паспорты және баланың екі дана 3х4 фотосуреті болу керек. Өтініш. демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.