KZ
Өскемен
-30°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
518.39 603.09 6.68

Елімізде дәрі-дәрмек қымбаттай ма?

Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

11.06.2024, 18:18 273 Айжанат Бақытқызы

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова дәрі-дәрмек бағасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Informburo.kz порталына сілтеме жасап.

«Биыл 1 қаңтарда 1 767 дәрі-дәрмектің атауы бойынша баға қайта реттелуі керек еді. Бірақ бұйрыққа қол қойылмады. Ақпан айында былтыр бағасы қайта реттелген дәрі-дәрмектерге талдау жүргіздік. Бұл үш немесе одан да көп аналогы бар 303 препараттың атауы болды. Осы дәрі-дәрмектердің негізгі тобында өсім болды, бірқатарында баға шегі төмендеді. Сондықтан жылдың аяғында бұл көрсеткіш 14% болды, яғни, баға өсті. Биыл бағаны қайта реттеудің екінші кезеңі болуы керек. Бірінші жартыжылдықта оны жүргізген жоқпыз», – деді министр.

Министрдің айтуынша, бірқатар дәрі-дәрмектің бағасын қайта реттеу керек.

«Бүгінде фармацевтикалық сала осы бұйрықты күтіп отыр. Бірақ бұл әлеуметтік тұрғыдан маңызды мәселе болғандықтан, тиісті талдау арқылы ғана шешім қабылдаймыз. Дәрі бағасы өседі не өспейді деп нақты айтуға ерте. Себебі талдау жұмыстарын әлі аяқтаған жоқпыз. Сондықтан оңтайлы шешім қабылдауға тырысамыз», – деді Ақмарал Әлназарова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу