KZ
Өскемен
-17°
небольшой снег жел 2 м/с, СБ
518.14 537.57 5.27

ШҚО-да 30 градусқа дейін ыстық болады

Фото: depositphotos.com

13.06.2024, 11:50 197 Ләззат Қанатқызы

Қазгидромет синоптиктері 13-15 маусым аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады.

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде фронттарға байланысты ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Алдағы үш күн елімізде жаңбыр, найзағай және екпінді жел болжанады. Солтүстікте, шығыста және орталықты бұршақ жаууы да мүмкін.

- 13-15 маусым аралығында шығыста және орталықта, 14 маусым еліміздің солтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жауын жауады. Күндізгі температура еліміздің батысында — +33+40°С, солтүстігі, орталығында — +20+28°С-тан +25+30°С-қа дейін, оңтүстігінде — +27+35°С-тан +30+40°С-қа дейін, оңтүстік-шығысында — +22+30°С-тан +25+35°С дейін, ал шығыста — +22+30°С-тан +20+28°С-қа дейін аздап төмендейді, - делінген ақпаратта.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу