6-8 маусым күндері ауа райы қандай болады?
Фото: depositphotos.com
«Қазгидромет» синоптиктері 6, 7 және 8 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мамандар еліміздің оңтүстік өңірлерінде аптап ыстық болатындығын атап өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Метеорологтар алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болатынын хабарлады.
Елдің оңтүстігінде күндіз +35+43°C-қа дейін қатты ыстық күтілуде, оңтүстік-шығыста ауа температурасы +35+40°C-қа дейін көтеріледі.
«Елдің батысында 6-7 маусымда күндіз +30+38°С, 8 маусымнан бастап +25+30°C дейін төмендейді. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, күндіз орталықта +22+30-дан +20+ 25°C-қа дейін шамалы төмендейді», - деді синоптиктер.