KZ
Өскемен
-23°
плотный туман жел 1 м/с, С
518.14 537.57 5.27

ЭКСПО өткізу форматы жаңа серіктестер табуға мүмкіндік береді

27.06.2024, 09:10 130 Айжанат Бақытқызы

Шығыс Қазақстан облысының делегация өкілдері ЭКСПО әр уақытта танымал болатынына сенімді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Францияда, АҚШ-та, Германияда өткен көрмелерде болдым... Салыстыруға болатын көп нәрсе бар. «Қытай-Еуразия» ЭКСПО көрмесі ауқымдылығымен ерекшеленді. Мұнда өз өнімдерін көпшілікке таныстырған ондаған елдер бар. Бұл формат - алғашқы байланыстарды орнатып, жаңа серіктестер табуға тамаша мүмкіндік», - деді Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығының директоры Фарид Абитаев Altainews.kz журналистеріне берген эксклюзивті сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, халықаралық көрме аясында өңіраралық ынтымақтастық форумы өтіп, онда отандық компаниялардың өкілдері Қытай тарапымен әріптестік туралы келісімшарттар жасасты.

 

                                                                        Татьяна Кравченко

                                                                       Фото: Аяужан Утеулинова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу