KZ
Өскемен
+30°
переменная облачность жел 7 м/с, В
471.46 504.79 5.53

Қазақстанда вольфрам кендерін игеру бойынша өндіріс жыл соңына дейін іске қосылады

Фото: primeminister.kz/

27.06.2024, 14:35 60 Айжанат Бақытқызы

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Jiaxin International Resources Investment (ҚХР) компаниясының басшылығымен кездесті. Кездесу индустриялық ынтымақтастық саласындағы Қазақстан-Қытай жобаларының тізбесінен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингі шеңберінде өтті, деп хабарлайды Altainews.kz  тілшісі Үкіметке сілтеме жасап.

Компания Алматы облысында вольфрам кен орындарын өнеркәсіптік игеру бойынша жобаны іске асыруда ($350 млн инвестиция, 1000 жұмыс орны).

Jiaxin International Resources Investment Директорлар кеңесінің төрағасы Лю Лицян жобаны іске асыру барысында атқарушы мемлекеттік органдардың белсенді түрде көмектесіп жатқанын атап өтті. Пайдалануға беру осы жылдың соңына жоспарланған.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға сенім білдірді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив