Өскемен-Алтай жолында автокөлік өртенді
Фото: видеодан скриншот
Республикалық маңызға ие Өскемен-Алтай тас жолында автокөлік өртенді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«Автокөліктің козғалтқыш бөлшектері, салонның қаптамасы, аспаптар панелі, дөңгелектері жанып кетті. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 4 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірді», - деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Департамент мамандары автокөлік иелеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды және көлік салонында өрт сөндіргіш құрал болуы керектігін ескертеді.
Оқи отырыңыз