KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОБ
480.11 532.25 5.14

Бизнес гранттарын алуға өтініш қашан қабылданады?

Фото: depositphotos.com

2.07.2024, 16:36 91 Ынтымақ Толқын

Бизнес жобларды іске асыруға бағытталған гранттарға өтініш қабылдау 15 шілдеден басталады.

Әр адамға берілетін қайтармысыз несиенің мөлшері шамамен 1,5 млн теңге, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ел азаматтарының өз ісін бастап, дамытуына берілетін 400 АЕК мөлшеріндегі қайтарымсыз қаржылай көмектің екінші кезеңіне өтініштер 15 шілдеден бастап қабылданады. Бизнес грантына жұмыссыздар және тіркеу мерзімі үш жылдан аспайтын жеке кәсіпкерлер ие бола алады.

Өтініш берушіге қойылатын талаптар мынадай:

  • порталда тіркелу;
  • грант алу шарттарына сәйкестігін тексеруден өту;
  • бизнес-жоспар шаблонын жүктеп алу, оны толтыру және порталға жүктеу;
  • өтініш нысанын толтырып, ЭЦҚ кілтімен қол қою қажет.

Сонымен қатар өтініш беруші мына санаттардың біріне қатысы бар болуы керек:

  • мүгедектігі бар адамдар;
  • "қандас" мәртебесі бар тұлғалар;
  • өңіраралық қоныс аударушылар;
  • аз қамтылған отбасы мүшелері;
  • көпбалалы отбасының мүшесі (жұбайы/зайыбы);
  • мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы/зайыбы);
  • асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы алушылар.

Айта кетейік, өтінім берушілерде 3 жылдан аспайтын мерзімде "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқығанын растайтын сертификат болуы қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив