Қазақстандық «Артек» Риддерде салынады
Фото: Редакция мұрағатынан
Шығыс Қазақстан облысында Мемлекет басшысының облыс аумағында республикалық маңызы бар балалар лагерін салу туралы тапсырмасы іске асырыла бастады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қазақстандық «Артек» идеясы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шығыс Қазақстанға ақпан айындағы жұмыс сапары барысында айтылған болатын.
Облыс әкімдігіндегі жиындардың бірінде аймақ басшысы Ермек Көшербаев өңірдің географиялық және климаттық жағдайы балалардың мұнда жыл бойы демалып, денсаулығын жақсартуға қолайлы екенін айтып өткен. Бұл облыстың басты артықшылығы. Сондай-ақ Шығыста қазақстандық «Артек» салу идеясы да талқыланды. Мұндай лагерьде республиканың барлық өңірлерінен келген балалар демалатын болады.
Айта кетсек, бүгінгі таңда облыс аумағында жыл бойы жұмыс істейтін балаларға арналған бір лагерь орналасқан.