KZ
Өскемен
+24°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
478.91 526.42 5.38

Қауіпсіз бақша өнімдері тек тамыздың басында – қыркүйекте пайда болады

Фото: basta.kz

15.07.2024, 11:30 89 Жанаргүл Мұқатай

ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жұқпалы аурулардың және тағамнан уланудың алдын алу және оларды болдырмау мақсатында сатып алынған көкөністер мен жемістерді тұтынар алдында міндетті түрде сумен мұқият шаюға кеңес береді және ешбір жағдайда сатып алған жерде тұрып жеуге болмайды,-деп хабарлайды Altainews kz тілшісі.

 Бақша дақылдары маусымында нитраттармен және пестицидтермен уланып қалмас үшін оларды абайлап жеу керек.

Нитраттар – бұл өсімдіктердің қоректік элементтері болып табылатын азот қышқылының тұздары. Қалай қауіптің алдын алуға болады? Біріншіден, маусымда жергілікті өндірушілердің топырақта өсірілген көкөністерін таңдаған жөн. Екіншіден, тым үлкен емес және жылтыр емес жеміс-көкөністерді таңдау керек, өйткені олар нитраттардың көп мөлшерін жинауға бейім.

Нитрат өнімдерінің белгілері: тәтті дәмнің болмауы және қарбыз немесе қауынның піспеген тұқымдарының болуы, айқын емес дәм мен хош иіс (қияр, қауын), өсімдіктің ортаңғы бөлігінде тамырлы тін, қарбызда сары талшықтардың болуы.

Қауіпсіз бақша өнімдері тек тамыздың басында – қыркүйекте пайда болады. Осы уақытта алмұрт пен шабдалы да піседі. Қияр, алма, қызанақ пен қырыққабатты шілде айында сатып ала беруге болады.

Пестицидтер мен гербицидтер – бұл арамшөптерді, зиянкестерді, өсімдік қоздырғыштарын жою үшін және өсімдіктердің ылғалдығы мен өсуін реттеуші ретінде қолданылатын заттар. Адам ағзасына көп мөлшерде түскенде, улы әсері болуы мүмкін.

Сыртқы жағынан, пестицидтердің көп мөлшері бар көкөністер мен жемістер әдеттегілерден еш айырмашылығы жоқ, тек зертханалық зерттеулер артық мөлшерді көрсете алады.

Мұндайда негізгі сақтық шаралары – оларды ағынды сумен мұқият жуу. Егер жемістер сізге күмән тудырса, оларды аэрозольмен шашыратылған пестицидтердің ең көп мөлшері жиналатын қабықтан тазартқан дұрыс.

Құрметті Шығыс Қазақстан өңірінің тұрғындары!

ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жұқпалы аурулардың және тағамнан уланудың алдын алу және оларды болдырмау мақсатында сатып алынған көкөністер мен жемістерді тұтынар алдында міндетті түрде сумен мұқият шаюға кеңес береді және ешбір жағдайда сатып алған жерде тұрып жеуге болмайды. Әсіресе, балаларға жуылмаған жеміс-жидектерді жегізбеу өте маңызды. Қарапайым гигиена қағидаларын сақтамау асқазанның бұзылуына, тіпті ауыр ішек инфекциялары – дизентерияға, А гепатитіне, энтеро және ротавирустық инфекцияларға әкелуі мүмкін!

Департамент бақша сыйларын «күмәнді» жерлерден емес, тек рұқсат етілген жерлерден сатып алуға кеңес береді. Рұқсат етілмеген жерлерде, табиғи базарларда, қала көшелерінде, автомобиль жолдарының бойында жемістер мен көкөністерді сатып алу дұрыс емес. Өнімді жерден, түпқоймасыз сату – санитариялық нормаларды өрескел бұзу. Өнімді тек сауда үшін арнайы бөлінген жерлерден сатып алу керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив