Қай өңірде ескі көлік көп?
Фото: egemen.kz
Еліміз бойынша ескі көліктердің ең көп үлесі Алматы облысында тіркелген. Онда 325,2 мың ескі көлік бар, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, ескі көлік саны бойынша Алматы қаласы (189,7 мың), Жамбыл облысы (168,8 мың), Қарағанды облысы (162,9 мың) және Шығыс Қазақстан облысы (154 мың) көш бастайды.
Елімізде маусым айы бойынша 132,8 мың бірлік көлік есепке алынған. Оның ішінде 20 жылдан асқандардың үлесі – 44,4%, 10 жылдан асқан бірақ 20 жылдан кем көлік үлесі – 23,6% құрайды.
Оқи отырыңыз