KZ
Өскемен
+26°
переменная облачность жел 3 м/с, Ю
443.44 480.51 4.88

Күршімнің қарбызы нитраттар мен пестицидтерден таза болып шықты

22.08.2018, 09:30 69

Күршім ауданының орталығында өткен кезекті ауылшаруашылық жәрмеңкесінде республикалық «Қауіпсіз және таза өнімді таңда» акциясы аясында шұғыл тексеру тәсілімен сатылымдағы жеміс-жидек, көкөністерге тексеру жүргізілді. Күршім жерінде өсірілген бақша өнімдеріндегі нитраттар мен пестицидтер мөлшері анықталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы  сатып алушылар мен сатушылар арасында түсінік жұмыстарын жүргізді. «Ұлттық сараптама орталығы» аудандық бөлімшесінің зертханашылары талдау жұмыстарын жасады.


- 1996 жылдан бері қауын, қарбыз егумен айналысудамын.Бүгінгі акция өте құптарлық екен. Тексерткен өнімдерімнің барлығы сапалы болып шықты,-дейді  Ақшилік «Ақжол» шаруа қожалығының иесі Сайлаубек Уалиев.


Жекелеген тұтынушылар да сатып алған өнімдерін сараптамадан өткізіп, аудан аумағында өсірілген көкөніс, бақшалық өнімдердің зиянсыз екендігіне көз жеткізді.


-Жұмыс күндері «Ұлттық сараптама орталығы» аудандық бөлімшесінің зертханасына келіп, арыз жазып, ақысын төлеп, кез келген тағам өнімдерінің сапасын тексертіп алуға болады,-дейді мамандар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив