KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Дүкендерден өз өнімдерімізді таппаймыз – ШҚО әкімі

25.07.2024, 11:14 299 Анель Слямғазықызы

Жергілікті өнімдерді нарыққа шығару ісі жолға қойылмай тұр. Бұл туралы өңір басшысы Ермек Көшербаев әкімдік отырысында айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Аймақ басшысы бұл мәселені мамыр айында көтеріп, қала мен аудан әкімдеріне тапсырма берген болатын.

– Жергілікті дүкен сөрелерінен өзімізде өндірілетін өнімдерді таппаймыз. Үлкен Нарынға сапарымда дүкендегі қарапайым сиыр етінен дайындалған фарштың өзі сырттан жеткізілгенін көрдім.  Біздің әр ауданда түрлі өнім, консерві өндіріледі. Мәселен, Тарбағатай ауданында ет өнімдері жеткілікті, Ұлан ауданында консерві зауыты жұмыс істеп тұр. Алайда, өнімді өңірлік нарыққа шығара алмай отырмыз. Аудан әкімдері берілген тапсырмадан еш нәтиже шығара алмай отыр, – деді ШҚО әкімі.

Өңір басшысы қызмет көрсету саласының да олқы тұстарын атап көрсетті.

– Әкімдерге жол бойындағы дәретхана мәселесін шешу туралы тапсырма бергенмін. Өкінішке орай, одан да еш нәтиже көріп отырған жоқпын. Жол бойындағы дәмхана мен дәретхана – табыс көзі. Тұрғындарды осы іске шақырып, жағдай жасау қажет, – деді облыс әкімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу