KZ
Өскемен
+24°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, З
515.03 584.82 6.24

ШҚО тұрғындары сүйек пен жұмсақ тіндердің саркомасына тегін тексеріле алады

9.07.2024, 11:15 225 Айна Ескенқызы

2024 жылғы 13 шілдеде сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында кезекті ашық есік күні өтеді. Бұл жолы тұрғындар сүйек пен жұмсақ тіндердің саркомасының алдын алуға және ерте анықтауға тексеріле алады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл күні Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі статусына қарамастан орталықтың жетекші мамандарының қабылдауында болып, білікті  кеңес ала алады. Дәрігерден жолдама да талап етілмейді. Өзіңізбен бірге тек жеке куәлігіңіз болуы керек.

Мекенжайы: Өскемен қ., Потанин к-сі, 6, 1-корпус, консультациялық-диагностикалық бөлімше (емхана).

Байланыс нөмірлері: +7(7232) 48-91-51, +7 778 003-78-45.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу