KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями Штиль
498.34 519.72 4.85

Онкология орталығы шақырады – ШҚО

Фото: depositphotos.com

20.05.2024, 14:06 157 Ержан Әбіш

ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында 25 мамыр күні сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін меланома мен терінің онкологиялық ауруларының алдын алу және ерте анықтау бойынша ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл күні сіз терапевтің жолдамасынсыз және МӘМС жүйесіндегі мәртебеңізге қарамастан, орталықтың жетекші мамандарынан кеңес ала аласыз. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы керек.

Мекенжайы: Потанин к., 6, 1 корпус, консультативтік-диагностикалық бөлімше (емхана). Барлық сұрақтар бойынша 8 (7232) 48-91-51, 8 778 003 78 45 телефондары арқылы хабарласуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу