KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
480.55 533.75 5.36

Еңбекшіл жастар Сібе жағалауының сәнін кіргізді

30.07.2024, 11:52 107 ALTAINEWS

Ұлан ауданында «Jasyl El-2024» жалпыұлттық жобасының еңбек маусымы басталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Еңбек маусымының ашылуына орай ұйымдастырылған іс-шараға аудан әкімдігінің өкілдері, белсенді жастар, қоғамдық пікір көшбасшылары, және «Жасыл елдің» елу сарбазы қатысып, «Таза жағалау» акциясына атсалысты.

Белсенділер тобы Сібенің үшінші көлі Шалқар жағалауынан 20 тоннаға жуық қоқыс жинады.

«Жасыл ел» жобасы еңбек жасақтарын құрып, экологиялық жобалар мен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру арқылы жастарды маусымдық жұмыспен қамтиды. Елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары елеулі үлес қосатын жобаның жастарды патриот етіп тәрбиелеудегі маңызы айрықша екенін атап өткен жөн.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив