KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

«Мектепке жол»: Кент балаларына оқу құралдарын үлестірді

фото: depositphotos.com

12.08.2024, 10:49 299 Жанаргүл Мұқатай

Еліміздің барлық өңірлеріндегідей облыстың қалалары мен ауылдарында 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін  жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтіп жатыр. 

Глубокое ауданының Белоусовка кентінде  жаңа оқу жылы қарсаңында көп балалы және  аз қамтылған отбасылардың балаларына демеушілік көмек көрсетілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Дәстүрлі қайырымдылық акциясына қатысуды ниет еткен облыстағы «NIET WOMEN» қоғамдық бірлестігі биыл аймақтағы оқушыларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар сатып алуға 650 мың теңге қаржы жинаған екен.

– Біздің бірлестік жыл сайын « Мектепке жол» акциясын Өскемен қаласы бойынша өткізіп келген болатын.  Биыл алғаш рет өңірлерге шығып, Белоусовка кентінің оқушыларына ішінде оқу құралдары бар 60 рюкзак тапсыруға келіп тұрмыз. Осы қайырымдылық шарасына қатысқан барлық азаматтарға алғыс айтамыз, – деді бірлестіктің төрайымы Алтынай Төлеухан.

Белоусовка кентінде көп балалы отбасылар аз емес. Солардың бірі - Гүлайша Сләмболдың отбасы. Осы үйдің мектепте оқитын екі баласы да кент стадионында өткен қайырымдылық шарасынан ішіне қалам, дәптерден бастап барлық оқу құралдары салынған  сөмке алып қайтты.

«Мектепке жол» акциясы аясында Белоусовка кентінің өзге де балаларына Глубокое аудандық әкімдігі атынан  оқу құралдары салынған сөмкелер табыс етілді.

– Аудан әкімдігі атынан 10 оқушыға сөмке табыс етілді. Сонымен қатар, Глубокое аудандық мәслихаты депутаттары атынан, менің өз атымнан да балаларға осындай көмектер көрсетіледі. Кәсіпкерлерді балалардың болашағына бей-жай қарамай осы қайырымдылық акциясына атсалысуға шақырамын, – дейді кент әкімі Анатолий Ташниченко.

Дәстүрлі «Мектепке жол» акциясына волонтерлар, кәсіпкерлер, меценаттар, үкіметтік емес ұйымдар және барлық жанашыр азаматтар қатыса алады.

Республика бойынша акция кезеңінде азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беру үшін сенім телефондары, қоғамдық қабылдаулар жұмыс істеп жатыр. Акция барысында  Балалардың құқықтарын қорғау комитетінде +7 (7172) 74-25-28 жедел желісі және «BALA QORǴAÝ» телеграм-чаты жұмыс істеп тұр.

Ол арқылы кез-келген адам көмек алу немесе мұқтаж жандарға көмек көрсету үшін жүгіне алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив