KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями Штиль
478.89 528.74 5.29

ШҚО: «Мектепке жол» акциясы басталды

Фото: zhanaqorgan-tynysy.kz

5.08.2024, 12:45 138 Ләззат Қанатқызы

Оқушылардың жазғы демалысы аяқталып, мектеп табалдырығын аттайтын күн де алыс емес. Жаңа оқу жылының басталуына орай әр өңірде «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізіледі.

«Жақсылық жаса» ұранымен ұйымдастырылатын қайырымдылық акциясы 1 тамызда бастау алып, 30 қыркүйекке дейін жалғасады, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Әлима Ақылбектің айтуынша, облыстың түкпір-түкпірінде бұдан бөлек «Балаларға жақсылық жаса!», «Ауыл балаларына мектепке сыйлықтар», «Отбасы отбасына көмектеседі: Баланы мектепке жинаймыз!» атты қайырымдылық шаралары да өткізіледі.

- Біз кәсіпкерлерді, меценаттарды, мемлекеттік органдардың қызметкерлерін қайырымдылық шраларына қатысуға, мектеп оқушыларын жалпыға бірдей міндетті білім берумен қамтамасыз етуге ат салысуға және өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар мен балаларға көмек көрсетуге шақырамыз. Аталған шарлар әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға жаңа оқу жылына дайындалуға жәрдемдесу және тұрмыс жағдайының кесірінен мектептен қалудың алдын алу үшін өткізіледі, - дейді Әлима Ақылбек.

Айта кету керек, жаңа оқу жылында облыс бойынша 343 мектепке 98 мыңнан астам оқушы барады. 22 мың бала үшін облыстық бюджет қаражатынан материалдық көмек қарастырылған. Биыл оқушыларды қолдауға 4,4 млрд теңге, оның ішінде мектеп формасы мен аяқ киім сатып алу үшін 957,3 млн теңге бөлінген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив