Алтайдағы ауылдардың бірінде амбулатория салынып жатыр
Алтай ауданындағы Октябрьск кентінде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы аясында дәрігерлік амбулатория салынып жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мердігер ұйым – «Construction Croup «SAMRUK» ЖШС қазір нысанның қабырғаларын тұрғызып жатыр. Бұл жұмысты айдың соңына дейін аяқтауға тиіс.
Жаңа амбулатория заманауи құралдармен жабдықталады. Соған сай медициналық қызметтің кең спектрін ұсынбақ. Бұл жоба ауылдарда медициналық қызмет сапасын жақсартуға бағытталған. Сондай-ақ жаңа жұмыс орындары ашылып, кенттің экономикалық тұрғыда дамуына оң әсер етеді.
Нысан ашылғаннан кейін Октябрьск ауылдық округінің тұрғындарына аудан орталығына бармай-ақ сапалы медициналық қызмет алатын болады.