Төсқайыңда интернат, Игілік пен Қайнарда мектеп салынады
Алдағы үш жылда Игілік және Қайнарлы ауылдарында 50 орындық 2 мектеп, Төсқайың ауылында 50 орындық мектептің жанына интернат салу жоспарланған. Бұл жөнінде Марқакөл жұртшылығымен жүздескен облыс әкімі Ермек Көшербаев мәлімдеді. Өңір басшысы сондай-ақ ауылдарды интернетпен қамту мәселесін жылдамдатуды тапсырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– Мектептерді жөндеуге және жаңғыртуға, жаңа модификация кабинеттерін сатып алуға ерекше назар аударамыз. Марқакөл ауданында бір баланы оқыту үшін мемлекеттен екі миллионнан астам теңге жұмсалатынын атап өткім келеді. Балалардың сапалы білім алуы біз үшін маңызды. Оның үстіне аудан шекара маңында орналасқан. Сондықтан біз балаларға қолдау көрсетуді жалғастырамыз – деді облыс әкімі.
Марқакөл халқының 59 пайызы мобильді, кең жолақты интернет желісімен қамтамасыз етілген. Енді 20 ұсақ ауылды кезең-кезеңмен үш жыл ішінде мобильді интернетпен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Ал ауданның 11 мектебіне «Starlink» интернет жүйесі орнатылған.
Оқи отырыңыз
ШҚО: Ауылдық жерлерде сапалы интернет қашан болады?Жыл соңына дейін 88 ауыл мобильді интернетпен қамтылады – ШҚОБиыл ауыл тұрғындары да 4G жылдамдықты интернетпен қамтылады - Даниал АхметовАуылдарды кең жолақты интернетпен қамту кезең-кезеңмен жүзеге асырылады - ШҚОШҚО-да 2025 жылға дейін 18 мектеп салынады