KZ
Өскемен
-13°
небольшая облачность Штиль
523.86 544.34 5.11

Денсаулық сақтау министрлігі балалар мекемелерін санэпидбақылау шараларын күшейтеді

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

11.09.2024, 19:01 103 Айжанат Бақытқызы

Балалар мекемелеріндегі қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік бақылауды күшейту бойынша жаңа тәсілдерді әзірлеуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл тәсілдер балаларды тамақтандыру, тұру, медициналық көмек, білім алу, тәрбиелеу, сауықтыру мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарда санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердің сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға қатысты.

Кәсіпкерлік кодексте көзделген қолданыстағы заңнамалық нормалар уәкілетті органдарға балалар мекемелерін мемлекеттік бақылаумен толық қамтамасыз етуге, сондай-ақ бұзушылықтардың алдын алу мен оларды жою жөнінде уақтылы шаралар қабылдауға мүмкіндік бермейді.

Жаңа заңнамалық тетіктер мүдделі мемлекеттік органдармен талқыланып, тиісті заңнамалық рәсімдерден өту үшін қарауға енгізілмек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу