Су саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтілмек
pexels.com
Судың «қара нарығын» жою мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігі су саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейтуге ниетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Атап айтқанда, жаңа Су кодексінде суды пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау мен қадағалауды күшейтуге бағытталған маңызды өзгертулер қарастырылып отыр.
Жаңа Су кодексінде уәкілетті ведомство мен бассейндік инспекцияларға қадағалау функциялары беріледі. Қазіргі уақытта бассейндік инспекциялар Кәсіпкерлік кодекс аясында тексеріс жүргізеді. Алайда, жоспарлау, тіркеу және хабарлау процесі ұзаққа созылуына байланысты құқық бұзушылар жиі жазадан құтылып кетеді.
Бұдан бөлек, қолданыстағы Кәсіпкерлік кодекске толықтырулар енгізу ұсынылып отыр. Бұл өзгерістер бассейндік инспекциялар мен мемлекеттік су инспекторларының функцияларын кеңейтеді, мемлекеттік бақылау мен қадағалау нысандарын өзгертеді, сондай-ақ жедел ден қою шараларын қабылдаудың жаңа құралдарын, шарттары мен негіздерін енгізеді.