KZ
Өскемен
-10°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
523.86 544.34 5.11

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғанда не ескеріледі?

Фото: depositphotos.com

28.05.2024, 21:21 117 Айжанат Бақытқызы

ҚР Еңбек министрлігі атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетігін әзірлемек. Енді ведомство АӘК-ке мұқтаждарды анықтау үшін мемлекеттік органдар мен Ұлттық банк жүйелерін біріктіру арқылы азаматтардың кірісі мен шығынын қадағалайтын болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Ел Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қазақстандықтардың негізгі шығындарын есепке алу және тексеру тетігін әзірлеуде. Бұл шынымен мұқтаж азаматтарды анықтауға және оларға мемлекет тарапынан атаулы қолдау көрсетуге мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

Бөлім негізгі шығындардың мына түрлерін қамтамасыз етуді көздейді:

  •  жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті сатып алуға арналған шығындар;
  • оқуға және қосымша білім алуға ақы төлеу;
  • демалыс пен көңіл көтеруге арналған шығындар;
  • денсаулық сақтау шығындары;
  • жиһаз және тұрмыстық техниканы сатып алуға арналған шығындар;
  • несиені өтеу және т.б.
«Азаматтардың шығындары туралы ақпаратты алу үшін тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерін біріктіру қарастырылуда: Индустрия және құрылыс, цифрлық даму, денсаулық сақтау, білім, ғылым және жоғары білім министрліктері, Ұлттық банк және т.б», - деп толықтырды ведомство.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу