KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 2 м/с, З
479.23 534.96 5.16

Рұқсат құжатсыз пайдалы қазба іздегендер жауапқа тартылды

pexels.com

Бүгін, 10:00 0 Назерке Каримова

Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған соты Көкпекті ауданында заңсыз қазба жұмыстарын жүргізген үш азаматқа қатысты іс қаралды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Рұқсатсыз пайдалы қазбаларды іздестіру және қазу жұмыстарын жүргізген үш азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

- 19 шілдеде сағат 03.00-де Көкпекті ауданы «Ағыны қатты» учаскесінде рұқсат құжаттарынсыз, металл іздегіштер мен арнайы құралдарды пайдалана отырып, үш азамат тіркеусіз және рұқсатсыз пайдалы қазбаларды іздеу және өндіру бойынша заңсыз жұмыстармен айналысқан, - деп хабарлады Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотының баспасөз қызметі. - Қатты пайдалы қазбаларды өндіру құқығы ЖШС-ге тиесілі, ал бұл азаматтар ЖШС-ге де, пайдалы қазбаларды өндіруге арналған жер теліміне де еш қатыстары жоқ. Сот отырысында азаматтар кінәларын мойындамады.


Құқықбұзушылық әрекеті фото және бейнематериалдармен, заттай дәлелдемелермен расталды.

Күдікті азаматтар ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 38 766 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив