Қазақстанда балабақшадан ағылшын тілін алып тастайды
Қазақстанда балабақшалардан ағылшын тілін алып тастайды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Мәжілісте өткен Үкімет сағатында мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
-«Мектепке дейінгі білім беру бағдарламасынан ағылшын тілін үйрету сабақтарын алып тастауды жоспарлап отырмыз», - дейді министр.
Ағылшын тілі мектепте екінші сыныптан бастап оқытылатын болды.
Сондай-ақ, министрдің айтуынша, алдағы уақытта тәрбиешілердің жалақысы көбейеді. Мектепке дейінгі білім бері ұйымдарындағы мұғалімдер мен әдіскерлердің кәсіби деңгейін жоғарылату мақсатында категориялар беріліп, жалақылары соған сай есептеледі екен.