Асхат Аймағамбетов: Қазір жалақы туралы сұрақтар қойылмайды
Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында өңір тұрғындарымен кездесіп, бірқатар білім беру нысандарын аралады.
Сапар барысында министр "Жайлы мектеп" жобасы аясында Өскемендегі мектеп құрылысы бойынша дайындық жұмыстарымен танысып, "Рахат" балабақшасында болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Министр ведомство жүргізіп жатқан жұмыс туралы қысқаша айтып, көп уақытын халықтың сұрақтарына жауап беруге, олардың ұсыныстарын тыңдауға арнады.
Сонымен қатар, ол Өскеменге барар жолда бірнеше ауылдық мектептерді аралап, оқу орындарының материалдық-техникалық базасымен, асханасымен және кітапханасымен танысты.
Министр 2022 жылдан бастап "Ұстаздық қызметіне адалдық үшін" жаңа құрмет белгісін енгізу туралы шешім қабылданғанын айтты. Бұл белгімен педагогикалық қызметте 25 жылдық тәжірибесі бар мұғалімдерді марапаттайды.