KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

ШҚО онкология және хирургия орталығы жөнделеді

13.02.2023, 21:23 264 Ләззат Қанатқызы

2023 жылы облыстық онкология және хирургия орталығының бөлімшелерін реконструкциялау және жаңғырту жоспарланып отыр.

Облыс орталығында тұрғындарға жедел, әрі сапалы қызмет көрсететін заманауи медициналық мекемелер ашу жолға қойылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мәселен, Шәкәрім даңғылында орналасқан бұрынғы №2 перзентхананың ғимаратында акушерлік-гинекологиялық көмектің консультативтік-диагностикалық бөлімшесі ашылды. Емдеу орнында айына 1600-1800 жүкті әйелді бақылау жоспарда бар. Қабылдауға тек болашақ аналар емес, сонымен қатар кез келген жастағы әйелдер де бара алады.

Протозанов көшесіндегі бұрынғы балалар тағамы асханасының ғимаратында қазір жаңа емхана орналасқан, оның ашылуын тұрғындар асыға күткені анық.

Облыс орталығында заманауи бірегей жабдықтармен жарақтандырылатын гематология орталығының құрылысы жүріп жатыр. Мұнда диагностика мен емдеу жасушалық және гендік-инженерлік технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Ал, ағымдағы жылы Абай даңғылы, 18 мекенжайында орналасқан облыстық мамандандырылған медициналық орталықты  күрделі жөндеуден өткізу және орталыққа қажетті құрал-жабдықтар сатып алу жоспарланған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу