KZ
Өскемен
пасмурно жел 1 м/с, С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

128 мыңнан аса бала Pfizer вакцинасын салдырды

9.12.2021, 14:25 305

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда 128 174 бала коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасын салдырғанын айтты.

"Бүгінде Comirnaty (Pfizer) вакцинасын 128 174 жасөспірім және 31 747 жүкті және бала емізетін әйел салдырды. Екінші компонентті 5 592 адам алды", - деді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Сондай-ақ, Республикада сауыққан адамдар саны ауырған адамдар санынан басым. Мәселен, қарашада қазанмен салыстырғанда сауыққан адамдар саны ауырған адамдар санынан 1,6 есе көп болған.

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметі бойынша, емдеуді жалғастырушылар саны азайғанына байланысты оң динамика байқалады, соңғы үш айда науқастар саны 3,7 есе азайған (84 268 науқастан 22 353 науқасқа дейін).

"1-компонентті 8,8 миллионнан аса адам алған. Егілуге тиісті ересек халықты қамту 77,5 пайызға жетті, егілуге тиісті ересек тұрғындардың 72,5 пайызын қамти отырып, екінші компонентпен 8,2 миллионнан аса адам егілді", - делінген хабарламада.


Қазақстан халқын бірінші компонентпен қамту 47,2 пайыз, екінші компонентпен қамту 43,3 пайыз болды. Сонымен қатар, инфекциялық төсектердің қамтылуы 24 пайыз, реанимациялық төсектер - 21 пайыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив