KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 1 м/с, С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Қазақстан "жасыл" аймақта - Цой

23.11.2021, 09:51 274

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында қазіргі эпидахуал туралы есеп берді.

Министрдің сөзінше, бүгінде "қызыл" аймақта екі өңір ғана қалған. 

"Қазақстан және 11 өңір "жасыл" аймақта. Төрт өңір "сары" аймақта. Екі өңір: Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта. Қазақстанда соңғы айда ауру өсімі 2,4 есе, стационарлардағы науқастар саны 1,4 есеге, амбулаторлық деңгейде емделіп жатқандар саны 1,8 есе азайды. Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация жұмыстары жүріп жатыр. Бірінші компонентті 8,7 миллион адам салдырса, екінші компонентті 7,9 миллион адам салдырды. Одан бөлек, Қазақстанға Pfizer вакцинасының 645 мың дозасы жеткізілді. Бүгінде 35 012 адам Pfizer салдырды: оның ішінде, 26 354-і бала, 8 658-і бала емізетін әйел", - деді Цой Үкімет отырысында. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив