KZ
Өскемен
-12°
ясно жел 4 м/с, Ю
520.91 544.25 5.29

ШҚО: ұстаздар алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін үйренді

Фото: ШҚО білім басқармасының баспасөз қызметі

27.11.2023, 21:35 820

Шығысқазақстандық 120 педагог алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін үйренді.

Бүгін ШҚО білім басқармасы мен «Қазақстан болашағы үшін» Өскемен жастар қоғамдық бірлестігі бірлесіп алғашқы көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру бойынша семинар практикум өткізді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Практикум барысында шақырылған денсаулық сақтау саласының маманы шұғыл жағдайларда және жарақаттардың, құрысулардың, уланулардың, қан кетулердің, тыныс алуды тоқтату кезіндегі реанимациялық іс-қимылдардың әртүрлі түрлерінде алғашқы көмек көрсету принциптерін теориялық түсіну негіздерін берді. Қатысушылар барлық сұрақтарға жауап алды, - дейді ШҚО білім басқармасыны баспасөз қызметі.

Практикалық дағдыларды пысықтауға ыңғайлы болу үшін қатысушылар 40 адамнан тұратын кіші топтарға бөлінген.

Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификат табысталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу